Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы 17-шағынауданда орналасқан «Асыл Парк» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында велосипед ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Атап айтқанда, велосипедтерді қараусыз қалдырмау, арнайы құлыптау құралдарын пайдалану, оларды бейнебақылау камералары орнатылған немесе арнайы жабдықталған орындарға қою жөнінде ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, тұрғындармен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және полициямен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Ақтау қаласының Полиция басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255171?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау