Қала аумағында мердігер мекемелердің күшімен орталық көшелер мен шағын аудандардағы қураған шөптер күнделікті тазартылып, санитарлық күтім жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, шаһардың көркін келтіретін жасыл желектерді күтіп-баптау, оларды суару, бұталар мен ағаштардың артық өскен бұтақтарын қысқарту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Аталған бағыттағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да белгіленген кестеге сәйкес тұрақты түрде жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1255235?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау