2026 жылдың 3 шілдесінде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіп және радияциалық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің мамандарымен Ақтөбе қаласының емдеу-алдын алу мекемелеріндегі радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар – кеңес барысында радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларға иондаушы сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер № 1-ДОЗ нысанын және радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспортын толтыру тәртібі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1253282?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау