Ақтөбеде әлеуметтік жеңілдіктерді рәсімдеуге көмектесемін деген күдікпен алаяқ ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінген ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі сылтаулармен олардың ақшалай қаражатын иемденген.

Атап айтқанда, бір жағдайда ол 51 жастағы әйелге баласының мүгедектік тобын III топтан II топқа ауыстыруға көмектесетінін айтып, одан 400 мың теңге алған.

Тағы бір жағдайда күдікті кәмелетке толмаған мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған 27 жастағы тұрғынға тұрғын үй кезегін жылжытып, баспана алуға жәрдемдесетінін уәде еткен. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 1 млн теңге алып, уәдесін орындамаған және ақшаны өз қажетіне жаратқан.

Аталған фактілер бойынша алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің өңір аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарға мүгедектік тобын белгілеу немесе өзгерту, сондай-ақ тұрғын үй кезегіне қою және оны жылжытуға қатысты мемлекеттік қызметтер заңнамада белгіленген тәртіппен ғана көрсетілетінін ескертеді. Егер қандай да бір адам мұндай мәселелерді ақылы түрде шешіп беремін деп ұсыныс жасаса, оның сөзіне сенбей, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1253483?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version