Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 11-12 шілде күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 11 және 12 шілде күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді. 

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1254919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version