АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы Атырау облыстық спартакиадасы өтті.
 
Екі күнге созылған жарысқа облыстың 16 командасынан 300-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, спорттың 9 түрі бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, киберспорт, жүзу, шахмат, үстел теннисі және тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.
 
Жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша:
 І орын – Атырау облысы командасы;
 ІІ орын – Құрманғазы ауданы әкімдігі;
 ІІІ орын – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
 
Спартакиаданың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтырумен жүйелі айналысуға ынталандыру және қызметтік ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1254147?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version