Атырауда кішкентай баланы дер кезінде байқап, қауіптің алдын алған 38 жастағы Дастан Бозаевқа Атырау облысы полиция департаментінің басшылығы алғыс білдірді.
Ол бейжай қарамай, көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген бүлдіршінді қауіпсіз жерге шығарып, оның ата-анасын іздестіруге көмектесті. Аз уақыттың ішінде бала ата-анасына аман-есен табысталды.
Атырау облысы полиция департаменті Дастан Бозаевтың азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігін жоғары бағалап, оған алғыс хат табыстады.
Мұндай игі әрекет – қоғамдағы өзара жанашырлықтың, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарының жарқын көрінісі. Қауіптің алдын алу кейде бір ғана бейжай қарамаған жанның әрекетінен басталады.
Полиция департаменті тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге, қараусыз қалған немесе көмекке мұқтаж жандарды көрген жағдайда бейжай қалмауға шақырады. Осындай сергектік пен азаматтық белсенділік талай оқиғаның қайғылы аяқталуына жол бермейді.
Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1254716?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау