АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Жиын барысында ауданның өзекті мәселелері талқыланып, күн тәртібіне енгізілген төрт мәселе қаралды.

Кеңесте:

* Бөкей ордасы ауданы бойынша әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру жұмыстары;

* Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру бойынша дайындық барысы;

* Аудан бюджетінің алты айлық қорытындысы бойынша игерілу жағдайы;

* Мемлекеттік рәміздерді қолдану және жою талаптарының сақталуы жөніндегі мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен мекеме өкілдері атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді. Берілген тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1255241?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version