Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясы 2026 жылы 15 шілдесіне шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу төртінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1) «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалар мен ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2) Басқа да мәселелер.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mugalzhar/press/news/details/1255097?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау