БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕНГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылы елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді.
Лицензиялау балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыруға, сонымен қатар қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Осы бағыттағы жұмыстармен танысу үшін Департамент басшысы М.Бекмағанбетов Қазалы ауданындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына барып, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастырылуын зерделеді.
Іссапар барысында Департамент басшысы №165, №216 мектептердің, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасымен және жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысып, бірқатар ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1255238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version