Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 30 шілдеде өткен отырысында құжаттардың толықтығы, оларды іске асыру қажеттілігі тұрғысынан өтінімдерді талдау, Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кредиттеу бағдарламасы шеңберінде сондай-ақ өңірде сұранысқа ие жаңа инвестициялық жобаларды енгізу бойынша жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
Сараптамалық-талдамалық іс-шарамен агроөнеркәсіптік кешенге кредит беру бағдарламалары («Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін масштабтау», «Ауыл аманаты», «Кең дала») шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ұсынылған өтінімдерді қарауға талдау жүргізілді. Өтінімдер бойынша қабылдау, қарау, бағалау және шешімдер қабылдау рәсімдері кредит беру тәртібін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдау сұранысқа ие және экономикалық негізделген бағыттар бойынша жүзеге асырылады, мемлекеттік аграрлық саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді және ауылдық аумақтарды дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Сараптамалық-талдау іс-шарасымен мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіруді талап ететін жекелеген проблемалық мәселелер анықталды. Осыған орай іс-шара объектілеріне тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/1253380?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау