Түркістан облысы аумағында «Бекет–2026» республикалық оқу-жаттығуы мемлекеттік органдар мен жауапты қызметтердің төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша оқу жаттығудың 1-ші кезеңі өтті. Оқу-жаттығу барысында барлық құрылымдардың дайындық деңгейі тексеріліп, нақты жағдайларға барынша жақын ортада іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар, үйлестіру тетіктерінің тиімділігі бағаланып, алдағы уақытта жұмысты жетілдіруге бағытталған негізгі басымдықтар айқындалды.
Оқу-жаттығу барысында басқарманың қызметкерлері белсенді әдістемелік көмек көрсетіп, қатысушыларға тәжірибелік ұсынымдар берді, сондай-ақ қойылған міндеттердің сапалы орындалуына жан-жақты қолдау көрсетті.
Мұндай оқу-жаттығулар мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі жедел әрекет ету қабілетін арттырып, төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық жауапты құрылымдардың басты міндеті, ал олардың келісілген және кәсіби жұмысы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының маңызды кепілі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-mob/press/news/details/1253304?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау