Бір қоңырау – бір баланың өмірін сақтап қалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Call-орталығының шақыртуды қабылдап беру фельдшері Серік Мадина шұғыл шақырту кезінде кәсіби біліктілігі мен жедел әрекетінің арқасында бүлдіршіннің өмірін сақтап қалуға ықпал етті.
Кентау қаласының тұрғыны 103 қызметіне хабарласып, 1 жасар баласының бөгде зат жұтып қойып, тыныс алуы қиындағанын жеткізген.

Шақыртуды қабылдаған фельдшер Серік Мадина сабыр сақтап, қоңырауды үзбей байланыста болып, жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін ата-анасына телефон арқылы алғашқы көмек көрсету алгоритмін түсіндіріп отырған.

Оқиға орнына дер кезінде жеткен жедел жәрдем мамандары балаға қажетті шұғыл медициналық көмекті көрсетіп, оны ауруханаға жеткізді.
Қазіргі уақытта бүлдіршін дәрігерлердің бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1255155?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version