2026 жылғы 25 маусымда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сауле Тұрсынқызы VIII шақырылымдағы Бородулиха аудандық мәслихатының LI кезекті сессиясын өткізді.
Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі Муратов Талғат Батырұлы, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Сессияға аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, дербес бөлімдердің жетекшілері, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, ауданның қоғамдық ұйымдарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Муратов Талғат Батырұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Есеп аяқталғаннан кейін аудандық мәслихат депутаты Мокроусова Виктория Анатольевна сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында ауданда атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы атқарушы және өкілді билік органдарының бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. Бұл ауданның одан әрі дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі екенін айтып, аудан әкімінің есебін бекітуді ұсынды.
«Бородулиха ауданындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселе бойынша Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Тілеуғазин Қайрат Аманкелдіұлы баяндама жасады.
«Жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» ақпаратпен Абай облысы Бородулиха ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Атаева Динара Оразбекқызы сөз сөйледі.
«Бородулиха ауданындағы мал шаруашылығы саласының жай-күйі және оны дамыту перспективалары туралы» есепті Абай облысы Бородулиха ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мартаев Әлви Әлиұлы ұсынды.
Өнеркәсіпті, құрылысты, көлікті, байланысты, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы тұрақты комиссияның төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Апенов Кималидин Сағалбайұлы ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданып, уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254927?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау