15 маусым 2026 жылы Бородулиха аудандық мәслихатының өнеркәсіпті, құрылысты, көлікті, байланысты, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сауле Тұрсынқызы, тұрақты комиссия мүшелері – депутаттар қатысты.
Отырысқа Бородулиха ауданы прокурорының орынбасары Бекенов Бекжан Қуанышбекұлы, Жезкент кенттік округінің әкімі Садыкова Бақыт Рысқұлқызы, «ТрансЭкоСервис» ЖШС директоры Акулов Виталий Александрович шақырылды.
Күн тәртібіне сәйкес комиссия отырысында Жезкент кенті аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарын тазалау, сондай-ақ жертөле үй-жайларында орналасқан ішкі инженерлік желілерге қызмет көрсету, оларды күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу (кондоминиум объектісін басқару қызметтері) мәселесі қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданып, аталған мәселе бойынша құзыретті органдарға тиісті ұсынымдар берілді және оларды орындау мерзімдері белгіленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254926?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау