Бұрма ауылдық округінде көптен күткен балалар ойын алаңы ашылды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың шат күлкісі – әр ауылдың ең әсем үні. Бүгін Бұрма ауылдық округінде бүлдіршіндерге арналған заманауи ойын алаңы ел игілігіне берілді. Бұл – өскелең ұрпақтың қауіпсіз әрі жайлы ортада ойнап, денсаулығын нығайтып, бақытты балалық шақ өткізуіне жасалған маңызды тарту.

Жаңа ойын алаңы – балалардың қуанышы ғана емес, ауылдың көркеюі мен әлеуметтік инфрақұрылымының дамуының жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауылдың келешегіне деген сенімді нығайта түседі.

Бүлдіршіндердің күлкісі ешқашан үзілмесін, әрбір отбасының шаңырағында шаттық пен береке орнасын! Бұрма ауылдық округінің барша тұрғындарын осы қуанышты оқиғамен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-burma/press/news/details/1255117?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version