Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Родина» агрофирмасы» ЖШС-нің бас директоры Иван Адамович Сауэрге Мемлекет басшысының қолы қойылған Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы данасын табыс етті.
Салтанатты рәсім Ақмола облысының актив отырысының жалғасында өтті. Конституцияның арнайы данасы Иван Адамович Сауэрге агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін табысталды. Иван Адамович Сауэр ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, саланың дамуына және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Жаңартылған Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуына бағытталған мемлекеттің негізгі қағидаттарын айқындайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының қолы қойылған Конституцияның арнайы даналары Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповке және Ақмола облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Қабдуәли Құлышевке табысталған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1253337?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау