Efes пен Coca-Cola Қазақстанда 10 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді: Серік Жұманғарин инвесторлармен жаңа жобаларды талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Anadolu Group холдингінің басқарма төрағасы Камил Сүлейман Языджимен кездесу өткізді.

Тараптар алкоголь өнімінің кейбір түріне қатысты акциздік саясатты жетілдіру, тауарды цифрлық таңбалау жүйесін дамыту және құрамында қанты бар сусынға салық енгізу секілді Қазақстандағы өндірістерді одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыруға өзара мүдделі екенін растады. Серік Жұманғарин қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын ірі халықаралық инвесторлардың, оның ішінде орау, логистика және көлік салаларындағы өндірістік тізбекке тартудың маңыздылығын атап өтіп, Үкіметтің Anadolu Group-қа қолданыстағы және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда қажетті жәрдем көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1253125?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version