Елорда күні: Астанада өткен фестивальде 200-ден астам жас балуан бозкілемге шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорда күніне орай Астанада дәстүрлі жастар күресі фестивалі өтіп, оған 200-ден астам жас спортшы қатысты. «Триатлон» саябағында жекпе-жектің алты түрінен жарыстар ұйымдастырылып, қонақтарға шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, ұлттық би қойылымдары көрсетілді.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін грэпплинг, дзюдо, джиу-джитсу, еркін күрес, грек-рим күресі және қазақ күресі бойынша жарыстар басталды.

Күні бойы қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін және спорттық мінезін көрсетті. Жас спортшыларға қолдау көрсетуге олардың ата-аналары, жаттықтырушылары, елорда тұрғындары мен қонақтары келді.

Жарысқа қатысушыларға Астана қаласы әкімдігінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Үсербай ақжол тіледі.

Ол спортшыларға өз күшіне сенімді болып, әділ күресіп, жоғары нәтижеге жетуді тіледі. Сондай-ақ фестивальдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және жас спортшылардың әлеуетін ашуға жағдай жасау екенін атап өтті.

«Мұндай жарыстар үздіктерді анықтауға ғана емес, жас спортшылардың жаттығуын жалғастырып, шеберлігін шыңдап, жаңа мақсаттар қоюына да үлкен ынталандыру береді. Осындай турнирлерде спорттық мінез қалыптасып, болашақ чемпиондар тәрбиеленеді», – деді Ержігіт Өсербай.

Іс-шараларды өткізу жөніндегі спорт бөлімінің басшысы Алмаз Қазбектің айтуынша, бұл фестиваль көп жылдан бері Елорда күніне арналған мерекелік бағдарламаның ажырамас бөлігіне айналған.

«Бұл іс-шараны жыл сайын Елорда күніне орай өткіземіз. Биыл фестивальге 200-ден астам спортшы қатысты.

Мұнда грэпплинг, дзюдо, джиу-джитсу, еркін күрес, грек-рим күресі және қазақ күресі бойынша жарыстар өтуде.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 120 медаль табысталады», – деді ол.
Жыл сайын фестивальге қатысушылар мен көрермендер саны артып келеді. Мұндай жарыстар жас спортшыларға жарыс тәжірибесін жинақтауға, дайындық деңгейін бағалауға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр спорт түрі және жас ерекшелігі бойынша анықталды. Фестиваль қорытындысында барлығы 120 медаль табысталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1253856?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version