Елордалық спортшы Grand Prix турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіл атлетикадан халықаралық Grand Prix турнирінде ел намысын қорғаған елордалық Айсұлу Сүлейменова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

3-5 шілде аралығында Чехияның Оломоуц қаласында пара жеңіл атлетикадан Olomouc World Para Athletics Women’s Grand Prix 2026 халықаралық турнирі өтті.

Дүбірлі додаға әлемнің 42 елінен 190-ға жуық пара жеңіл атлет қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Айсұлу Сүлейменова 100 метр қашықтыққа жүгіруден жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді.

«Халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, күміс жүлдеге ие болғаныма қуаныштымын. Маған қолдау көрсеткен барша жандарға алғыс айтамын», – деді Сүлейменова Айсұлу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1253685?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version