2026 жылғы 24 маусымда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Байқоңыр» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Артем» базары аумағында балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу және анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіді.
Іс-шара барысында сауда орындары мен оған іргелес аумақ тексеріліп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту кезінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін еңбек шартын жасаспай пайдаланудың үш фактісі анықталды. Әрбір факті бойынша жазбаша түсініктемелер алынып, материалдар белгіленген тәртіппен тіркелді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін Департаменттің қарауына жолданады.
Департамент кәмелетке толмағандарды жұмысқа тартуға Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары сақталған жағдайда ғана жол берілетінін еске салады. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын бұзғаны үшін жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.
Еңбек заңнамасының бұзылуының, оның ішінде кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының сақталуына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1253543?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау