ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауыл әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, қалалық сайлау комиссиясының шешімімен Хантағы ауыл әкімі болып Қожахмет Жасұлан Сейдахметұлы сайланды.
Жаңа басшыны қала әкімі Жандос Тасов таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын барысында қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бекзат Садуов куәлік табыстады.
Қожахмет Жасұлан Сейдахметұлы 1998 жылы 16 шілдеде Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2018 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Электроэнергетика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 2017 жылы “Норбота-1” ЖШС-да администратор қызметінен бастау алып, 2019-2020 жылдары “KHG Project” ЖШС-де директор орынбасары болып қызмет атқарған.
2020 – 2022 жылдары Кентау қаласы әкімінің аппаратында қызмет еткен.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін “Кентау қаласының цифрландыру орталығы” КММ-нің директоры қызметін атқарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1255258?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау