IT-мамандықтар студенттеріне Қаржы мониторингі органдарында қызмет ету мүмкіндіктері туралы айтылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Toraigyrov University және Margulan University-де  it-мамандықтар студенттерімен рекрутингтік жұмыс жүргізілді. Іс-шараға Павлодароблысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Г.Н. Касымовқатысып, студенттерге қаржы мониторингі органдарына қызметке орналасу тәртібі туралы айтып, кандидаттарға қойылатын талаптар мен іріктеудің негізгі кезеңдерін түсіндірді.

Кездесу барысында студенттерге қызмет өткеру және қаржы мониторингі органдарына түсу тәртібі туралы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларға кандидаттарды іріктеу талаптары мен шарттарымен егжей-тегжейлі танысу үшін ақпараттық үлестірме материалдар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1254893?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version