Тіпті алкогольдің аз ғана мөлшері жүргізушінің зейінін төмендетіп, реакциясын баяулатады және жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жеке жауапкершілігінен басталады.
– Мәселен, Павлодар қаласында Едіге би көшесінде қызмет атқару барысында полиция қызметкерлері күмәнді әрекет көрсеткен Lada Priora автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші медициналық куәландырудан өткізіліп, оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.
Полиция азаматтарды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Егер сіз мас күйіндегі адамның көлік тізгініне отырмақ болғанын немесе көлік жүргізіп келе жатқанын байқасаңыз, бұл туралы бірден «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1255221?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау