МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНЕ ҚОСЫМША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұғалжар аудандық Қоғамдық кеңесі 2026 жылғы 2 шілдедегі шешіміне сәйкес Мұғалжар аудандық Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

     Атауы: Мұғалжар аудандық  Қоғамдық кеңесі;

     Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 5 (бес) адам.

     Пошталық мекен-жайы: 030701, Ақтөбе облысы, Мүғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,  Тәуелсіздік даңғылы 16, 210 бөлме.

     Электронды пошта: maslixat_2010@mail.ru

     Анықтамалар үшін телефондар: 3-24-61.

     Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы «08» шілде- «21» шілде аралығында.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Мұғалжар ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

 

       Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:     

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

 

     Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды аудандық мәслихаттың электрондық мекен-жайына (maslixat_2010@mail.ru) немесе қолма-қол мына мекен-жай бойынша жібереді: Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 16, 210 бөлме., (жұмыс күндері) сағат 09.00-ден 18.30 дейін, үзіліс 12.30-дан 14:00 дейін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mugalzhar/press/news/details/1254810?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version