Новошульба ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және сапасыз ауыз су мәселелері көтерілді.
Жұмыс сапары аясында мектеп ғимаратына барып, оқу кабинеттері, басқа да үй-жайлар және мектеп асханасы тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша оқушыларды тамақтандыру қолданыстағы санитариялық нормалар мен талаптарға сәйкес ұйымдастырылғаны анықталды. Сонымен қатар, су ұңғымасына су тазартқыш сүзгі сатып алынып, орнатылған.
Кездесу барысында білім беру ұйымының басшылығы шешімін қажет ететін бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мектептің терезе блоктарын ауыстыру қажеттілігі айтылды. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, қолданыстағы терезелер 1973 жылдан бері пайдаланылып келеді және осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 1–10 маусым аралығында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының ауыз су сапасына сынама алып, зертханалық зерттеу жүргізуі мәселесі талқыланды.
Бұдан бөлек, мектеп ұжымы оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мектеп асханасындағы жиһаздарды жаңарту мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстар жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254932?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау