Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру мәселелері қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру мәселелері талқыланды

Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесінде мінсіз бедел институты енгізіліп, сондай-ақ жаңа цифрлық кадрлық тетіктер мен мемлекеттік қызметшілерге арналған кеңейтілген әлеуметтік кепілдіктер іске асырылуда.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шильманов жаңа Заңның негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, құжаттың мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғыртуға, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, сервистік әрі азаматқа бағдарланған жұмыс моделін енгізуге, кадрлық үдерістерді цифрландыруға және кадр саясатын жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, Заңда алғаш рет мемлекеттік қызметтің миссиясы, мақсаттары мен қағидаттары бекітілген. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінсіз беделі институты енгізіліп, кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері, «E-қызмет» жүйесі арқылы цифрлық іріктеу тетігі қарастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге арналған әлеуметтік кепілдіктер кеңейтілген. Бұдан бөлек, қызметтік әдепті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және тәртіптік жауапкершілікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Баяндамадан кейін кеңеске қатысушылар заңның жаңа нормаларын тәжірибеде қолдануға қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жататын облыстық басқармалар басшыларын тағайындау тәртібі, Заңды іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзімдері, сондай-ақ Ақтөбе облысы енгізілген «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің лауазым деңгейлерін өзгерту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мәселелері көтерілді.

Талқылауды қорытындылаған облыс әкімі мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі екенін атап өтті.

Өңір басшысы барлық мемлекеттік органдардың басшыларына жаңа заңнама талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді және бұл жұмысты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1254681?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version