Оралда полицейлер екі бірдей тонау дерегін ашты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері екі бірдей тонау дерегін ашты. Алғашқы оқиға түнгі уақытта Циолковский көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Әйелдің үй кілттері мен iPhone 11 телефоны салынған сөмкесі ашық түрде тартып алынған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 30 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілініп, ұсталды. Тексеру барысында бір күн бұрын жасалған тағы бір осыған ұқсас тонау дерегіне қатысы бары анықталды. Бұл жағдайда әйелдің жеке заттары мен ақшасы салынған сөмкесі ашық түрде жымқырылған. Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1254644?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version