ОРДАБАСЫДА ТІЗЕ БУЫНЫН ЭНДОПРОТЕЗДЕУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында тізе буынын эндопротездеу бойынша мастер-класс өтті.
Іс-шараға Жетісу облысы Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының ортопед-травматолог дәрігері Арман Байболов, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының штаттан тыс бас ортопед-травматологы Нұрбол Сахов және облыстық клиникалық аурухананың ортопед-травматолог дәрігері Сауранбек Сағымбеков қатысып, аудандық аурухана дәрігерлерімен бірлесіп тізе буынын эндопротездеу операциясын сәтті жасады.
Бұған дейін аудандық ауруханада сан (жамбас) буынын эндопротездеу оталары тұрақты жүргізіліп келсе, енді жергілікті дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен тәжірибелі мамандардың қолдауының нәтижесінде тізе буынын эндопротездеу оталарын да аудан деңгейінде жасауға мүмкіндік туды.
Мастер-класс барысында заманауи хирургиялық әдістер мен емдеу тәсілдері талқыланып, тәжірибе алмасу арқылы дәрігерлердің кәсіби дағдылары жетілдірілді. Бұл аудан тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмекті өз өңірінде алуға және медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1254667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version