Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңесте 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары шығарылып, салалық қағидалардың жобалары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Сәлімбай Шунеевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте ведомство қызметінің ашықтығын арттыру, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға жұртшылықтың қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасарлары жетекшілік ететін бағыттар бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері туралы есептер ұсынылды. Қоғамдық кеңес мүшелері қол жеткізілген нәтижелермен танысып, саланың өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі атом саласын одан әрі дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау болды.

Сонымен қатар, отырыста Қоғамдық кеңестің ұйымдастырушылық дамуына қатысты, оның ішінде бейінді комитеттер құру мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған құжаттар жобаларын жетілдіруге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдарын білдіріп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қоғамның қатысу тетіктерін одан әрі дамытуды қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1253054?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version