Almaty Tech Cup XII халықаралық технофестивалі Түркістан облысы үшін айтулы жеңістерге толы болды. Робототехника, инженерия және жасанды интеллект бағыттарында бақ сынаған өңіріміздің дарынды оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық чемпионаттарға жолдамалар, беделді марапаттар мен университеттердің толық білім гранттарын иеленді.
Нәтижесінде Түркістан облысының 6 командасы халықаралық чемпионатқа жолдама алып, 2 оқушы толық білім грантын жеңіп, халықаралық деңгейдегі беделді жарыста өңірдің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бұл – оқушылардың табанды еңбегі мен талпынысының, жаттықтырушылар мен жетекшілердің кәсібилігінің және ата-аналардың қолдауының жемісі.
Түркістан облысының жас инженерлері мен өнертапқыштары алдағы халықаралық чемпионаттарда Қазақстанның көк Туын әлемдік аренада биікке көтеріп, ел абыройын асқақтата беретініне сенім мол!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1253157?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау