«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Жаңасемей ауданының Талица және Каштак ауылдарында антенна-діңгекті құрылыстар орнату жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Талица ауылында биіктігі 25 метр болатын антенна-діңгекті құрылыс салынуда. Қазіргі таңда нысанда 6 жұмысшы еңбек етіп, қазаншұңқыр қазу және арматура орнату жұмыстары жүргізілуде.

 Каштак ауылында құрылысқа қажетті материалдар жеткізіліп, қазаншұңқыр қазу жұмыстары басталды.

Аталған жобалардың жүзеге асуы шалғай елді мекендерді сапалы байланыс және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1255347?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version