Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жұмыстары бойынша алғашқы отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2 шілдеде ағымдағы жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы науқаны шеңберінде Қордай ауданды аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті. 

Комиссия отырысының күн тәртібінде  «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын орындау», «Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар», Құрылтай депутаттарын сайлауын ақпараттық сүйемелдеу және сайлауалды үгіт жұмыстары» туралы қаралды.

Отырыста сайлау науқанының барлық кезеңдерін қамтитын күнтізбелік жоспар, сондай-ақ Құрылтай депутаттарының сайлауын ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиа-жоспар қаралды. Сонымен қатар, сайлау заңнамасында белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың негізгі бағыттары айқындалды.

Комиссия мүшелері сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру, сайлау учаскелерінің дайындығын қамтамасыз ету, сайлау құжаттарын әзірлеу және бекітілген іс-шаралардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Ерекше назар сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын толық іске асыруға аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, барлық ұйымдастырушылық шараларды белгіленген мерзімде орындау бойынша бақылау күшейтілетіні атап өтілді. Комиссия сайлау науқанының барлық кезеңдері заң талаптарына сәйкес, жүйелі әрі үйлесімді түрде жүзеге асырылатынын жеткізді.

 

Қордай аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1254581?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version