Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.А.Сералин төрағалығымен 2026 жылы 6 айындағы тергеу, анықтау мен жедел уриминалистикалық бөліністерінің қызмет қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Іс шара барысында тергеу бөліністерінің жұмыс нәтижелері қаралып, қызметтік жұмыстың негізгі көрсеткіштері талданды, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың заңдылық пен тергеу сапасын қамтамассыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру тиімділігін арттыру, заманауи жұмыс әдістерін енгізу және тергеу бөліністерінің кадрлық әлеуетін нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға обьективті баға беріліп, алдағы қызметтің басым бағыттары айқындалды, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеп-тексеру сапасын арттыруға, “Заң мен тәртіп қағидатын қамтамассыз етуге және халықтың ішкі істер органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған нақты міндеттер қойылды. Қызметтегі жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін тергеушілер мен аңықтаушылар марапатталды.
Қостанай облысы полиция департаментінің тергеу бөліністері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жауапкершіліктің бұлттартпастығын қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстарын жалғастырады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1254445?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау