Ақтау қаласының Полиция басқармасы қала аумағындағы барлық ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтардың басшыларына заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
🔹 Жүргізілген тексеру іс-шараларының нәтижесінде Ақтау қаласының 17-шағынауданында орналасқан «PS-5» компьютерлік клубының бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабының талаптарын (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) екі рет өрескел бұзғаны анықталды.
🔹 Аталған дерек бойынша мекеме иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен «PS-5» компьютерлік клубының қызметі тоқтатылды.
📌 МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ!
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін) заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының) еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына тыйым салынады.
Аталған талапты қайтадан бұзу заңнамада көзделген тәртіппен ірі мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға, сондай-ақ сот шешімімен мекеме қызметінің тоқтатылуына немесе лицензиясынан айырылуына әкеп соғуы мүмкін.
🔹 Кәсіпкерлердің назарына!
Бизнесіңіздің тоқтап қалмауы және заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмау үшін:
• келушілердің жасын растайтын құжаттарын міндетті түрде тексеріңіз;
• кәмелетке толмағандардың заңда белгіленген уақыттан кейін мекемеде болуына жол бермеңіз;
• қызметкерлеріңізге заң талаптарын түсіндіріп, тұрақты бақылау жүргізіңіз.
Заң талаптарын сақтау – әрбір кәсіпкердің міндеті әрі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Ақтау қаласының Полиция басқармасы заң талаптарын бұзуға қатысты бақылау және профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыратын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255127?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау