Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 108-бабына сәйкес салық органы әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізілімін жүргізеді.
Әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне соңғы салық есептілігі ұсынылған күннен кейін 12 ай ішінде салық есептілігін ұсынбаған:
• заңды тұлғалар;
• жеке кәсіпкерлер енгізіледі.
Жыл сайын 30 сәуірден кешіктірілмей салық органы салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
Тізілім мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында орналастырылады.
Тізілімнен қалай шығарылуға болады?
Ол үшін тиісті салық кезеңі бойынша қосымша салық есептілігін ұсыну қажет. Мұндай есептілік нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған болып танылады. Осыдан кейін салық органы үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізілімінен шығару туралы шешім қабылдайды.
Әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілмеу үшін салық есептілігін белгіленген мерзімде уақтылы ұсыныңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1254131?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау