ШҚО полициясы жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полициясы жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жалғастыруда

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Өткен аптада профилактикалық іс-шаралар аясында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам дерегі анықталды, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Негізгі назар жолда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін ең қауіпті құқық бұзушылықтарды анықтауға аударылады.

Анықталған фактілердің ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзу, рөлде отырып ұялы телефонды пайдалану, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу, қарсы бағытқа шығып кету, сондай-ақ масаң күйде көлік құралдарын басқару орын алды.

Мәселен, бір апта ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаудың 744 фактісі, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 389 жағдайы және жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 180 дерегі анықталды. Сондай-ақ, қарсы бағытқа шығудың 18 жағдайы және масаң күйде көлік құралдарын басқарудың 16 дерегі анықталды.

Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушілерге айрықша назар аударылады. Апта ішінде осындай 7 факті анықталды: екі азамат жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарса, үшеуі бұрын басқару құқығынан айырылғандар болып шықты, тағы екі жағдайда көлік құралдары тиісті құқығы жоқ адамдарға берілген.

Облыс жолдарындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері автожолдар мен өңірдің елді мекендерінде қызмет атқарып, жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын қабылдауда.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға, мұқият және өзара сыйластық танытуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне байланысты.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1255360?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version