Ағымдағы жылдың 8–10 шілде аралығында Қазақстан Республикасы аумағында Орталық Азия елдерінен келген шамамен 150 мотоциклшінің қатысуымен «Алматы мотоциклшілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Көшпенділер жолы» халықаралық мотожорығы өтуде.
Сонымен қатар, 3–15 шілде аралығында еліміздің аумағында халықаралық «Marco Polo Drive for Peace» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және жол қозғалысы мәдениетін насихаттауға бағытталған.
🚔 Осыған байланысты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері халықаралық мотоколоннаны қала аумағы арқылы қауіпсіз өткізіп, шығу бағытына дейін полиция сүйемелдеуін ұйымдастырды.
Полиция қызметкерлері қозғалыс бағыты бойында жол қозғалысын реттеп, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1255196?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау