Шымкент қаласында интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы бағытта қала аумағындағы 200-ден астам LED экранда интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары, дроперлік әрекеттердің құқықтық салдары және жеке деректерді қорғау туралы профилактикалық бейнероликтер мен ақпараттық материалдар тұрақты түрде көрсетілуде.
Аталған ақпараттық науқанның мақсаты – тұрғындарды алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы хабардар ету, азаматтардың қырағылығын арттыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
📢 Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қырағылық танытып, жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, CVV-кодын, SMS арқылы келген растау кодтарын және өзге де құпия мәліметтерді ешкімге бермеңіз. Бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
Есіңізде болсын: сақтық – интернет-алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1255183?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау