Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағында интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ интернет-алаяқтық, киберқылмыстар және дроперлік әрекеттердің алдын алу бағытында қала тұрғындары арасында кең ауқымды профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• Интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы халықты ақпараттандыру;
• Банк карталары мен банк шоттарын заңсыз пайдаланудың алдын алу;
• Күмәнді ақша аударымдары мен қаржылық операцияларға қатысты сақтық шараларын түсіндіру;
• Азаматтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру.
📢 Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Өз банк картаңызды, банк шотыңызды немесе олардың деректерін үшінші тұлғаларға пайдалануға бермеңіз. Мұндай әрекеттер сіздің атыңыздан заңсыз қаржылық операциялардың жасалуына себеп болып, құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1255136?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау