Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменттің бас мамандары Е.Байниязов пен Н.Досекешов Ақтөбе облысы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, сондай-ақ Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.
Көтерілген мәселелер:
Жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу: Жұмылдыру дайындығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бағынысты ұйымдардағы мемлекеттік сатып алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
Қызметтік әдеп стандарттары: Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын, мінез-құлық қағидаларын қатаң сақтауы және мүдделер қақтығысын болдырмау шаралары;
Заңдылықты нығайту: Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілеріне жол бермеу және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың сауалдарына құқықтық түсіндірмелер беріліп, қызметтік тазалық қағидаттарын енгізу бойынша нақты ұсынымдар жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mpz/press/news/details/1253171?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау