«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алакөл жағалауында рейд өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алакөл көлінің жағалауында Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғат қорғау полициясы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бірлескен рейд ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау, көл жағалауының тазалығын сақтау, демалушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Рейд барысында заңсыз сауда жасау, қоршаған ортаны ластау, сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзу деректері анықталып, 60-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Әрбір құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері демалушылармен профилактикалық әңгіме өткізіп, табиғатты аялаудың маңызын түсіндірді. Азаматтарға жағалау аумағын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және суда демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1254357?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау