ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!🇰🇿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шет аудандық прокуратурасы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі және Жастар ресурстық орталығы бірлесіп қоғамға ой салатын бейнеролик әзірледі. Бейнероликтің негізгі мақсаты – тазалықтың мамандыққа, қызметке немесе жасқа байланысты емес екенін көрсету. Таза қоршаған орта – ортақ құндылығымыз. Сондықтан табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті. Таза Қазақстан – өзіңнен басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1254245?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау