«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тағылы ауылдық округінде санитарлық тазалық пен абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Акция барысында қоғамдық орындарда, әлеуметтік нысандардың аумағында және көше бойларында әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қоқыс жәшіктері мен гүлсауыттар сырланып, ретке келтірілді. Көшелер мен қоғамдық орындардағы шөптер қырқылып, аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Аталған жұмыстар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған.

Тағылы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық пен көркейту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1254869?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version