ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ӨҢЕШ ОБЫРЫ КЕЗІНДЕ ЛЬЮИС ӘДІСІ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ МИНИИНВАЗИВТІ ГИБРИДТІ ОТАНЫ СӘТТІ ОРЫНДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өңеш обырына шалдыққан науқасқа Льюис әдісі бойынша кезекті миниинвазивті гибридті операцияны сәтті жүзеге асырды.

1966 жылы туған науқас соңғы алты ай бойы төс тұсының ауырсынуына, қатты тағамды жұтынудың қиындауына, тәбеттің төмендеуіне, дене салмағының азаюына және жалпы әлсіздікке шағымданған.

Онкологиялық көмек көрсету орталығының мамандары кешенді тексеру мен мұқият операция алдындағы дайындықтан кейін өңештің қатерлі ісіктері кезінде жасалатын ең күрделі хирургиялық араласулардың бірі саналатын Льюис әдісі бойынша миниинвазивті гибридті операция жасау туралы шешім қабылдады.

Операция екі кезеңде орындалды:
* лапароскопиялық кезең;
* торакалдық кезең.

Мұндай жоғары технологиялық операциялар өте сирек орындалады, себебі олар жоғары біліктілікті, мол хирургиялық тәжірибені және мультидисциплинарлық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді. Ісік үдерісінің мұндай таралуы кезінде көптеген науқастар операция жасауға келмейді деп бағаланса, бұл жағдайда дәрігерлер ісікті түбегейлі алып тастауға қол жеткізді.

Операцияны жүргізген мамандар:

* Облыстық клиникалық аурухананың басшысы Нурлан Байбекович Мауленов;
* Басшының хирургия ісі жөніндегі орынбасары Максат Оналбаевич Досханов;
* онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бекнұр Алишерұлы Өтепбаев;
* дәрігер-анестезиолог Арман Русланович Пралиев;
* дәрігер-онкологтар Ерхан Баймаханович Ізбасар және Нурсултан Нурланұлы Байдуллаев.

Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Науқас біраз уақыт жансақтау бөлімінің мамандарының бақылауында болып, кейін белсенді қозғалысқа көшірілді және қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Алдағы уақытта науқас дәрігер-онкологтың тұрақты бақылауында болып, мамандандырылған ем қабылдауды жалғастырады.

Бұл клиникалық жағдай Түркістан облысында онкохирургия қызметінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және Облыстық клиникалық аурухананың мамандары заманауи жоғары технологиялық емдеу әдістерін табысты енгізіп жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1255166?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version