Түркістан қалалық орталық ауруханасында өкпелік оңалтуды дамыиу бойынша шеберлік сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қалалық орталық ауруханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және өкпелік оңалтудың заманауи тәсілдерін тәжірибеге енгізу мақсатында «Өкпелік оңалту бойынша презентация және шеберлік сабағы» ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар өкпелік оңалтудың емдеу үдерісіндегі маңызы мен оны клиникалық тәжірибеде қолдану жолдарын талқылап, тыныс алу жүйесі аурулары бар пациенттерді оңалтудың заманауи әдістерімен танысты.

Бағдарлама аясында Түркиядан респираторлық физиотерапия маманы Бейзанур Бекташ Далмыш онлайн форматта өкпелік оңалтудың заманауи тәсілдері мен тыныс жолдарын тазарту әдістері туралы баяндама жасады.

Жоғары санатты торакальдық хирург Темірбаев Аманжол Алданұлы өкпелік оңалтудың торакальдық хирургиядағы маңызына тоқталса, жоғары санатты пульмонолог және торакальдық хирург Шоланова Ләззат Меңдібайқызы әртүрлі респираторлық жағдайлар кезіндегі кешенді өкпелік оңалтудың тиімділігі жөнінде тәжірибесімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1255151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version