Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты мәжіліс өтті.
Жиынға тиісті басқарма басшыслары, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Мәжілісте облыс аумағындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер жан-жақты талқыланды. Әсіресе, өңірдегі
қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, халықпен кері байланысты күшейту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
– Қоғамдық тұрақтылық – өңір дамуының негізгі тірегі. Сондықтан әрбір аудан мен қалада ахуалды жіті бақылап, тұрғындармен ашық әрі жедел кері байланыс орнату – басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Мәжіліс қорытындысында барлық жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу және атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беріп отыру міндеттелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1253003?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау