Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
Астанада Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Асыл мұра» концерті ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды кешке айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайындағы бұл мәдени жоба биыл төртінші рет өтті. Биылғы концерттің басты ерекшелігі – қазақтың әншілік және күйшілік мектептерін бір сахнада тоғыстырып, ұлттық өнерді жаңа технологиялармен үндестіре білуінде.
«Асыл мұра» – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін кеңінен насихаттап, тарихи-мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен ауқымды жоба. Концертте Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс өңірлерінің дәстүрлі әншілік және күйшілік мектептері кеңінен таныстырылып, әр өңірдің орындаушылық ерекшелігін айқындайтын әндер, күйлер мен жыр-термелер орындалды.
Биылғы концертке 90-ға жуық өнерпаз қатысып, қазақтың дәстүрлі өнерінің сан қырын көрермен назарына ұсынды. Сахнада Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова, Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина секілді дәстүрлі өнер майталмандары өнер көрсетті.
«Асыл мұра» концерті жылдан жылға мазмұны жағынан да, деңгейі жағынан да өсіп келеді. Әр ұлттың өзіне тән асыл құндылығы болады. Қазақ үшін сол құндылықтың бірі әрі бірегейі – домбыра. Өз халқының құндылығын дәріптеген адам – ұлтының нағыз жанашыры. Бүгін Ұлттық домбыра күні. Осы мерекемен барша халықты шын жүректен құттықтаймын! Домбыраны насихаттау халқымыздың берекесін, рухын көтеру деген сөз. Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың негізі. Біз осы аспаптың үнімен өсіп, тәрбиелендік. Домбыраны тек күйші немесе әнші ғана тартуы керек емес. Оны тыңдай білудің өзі – отансүйгіштіктің белгісі.
Қазір жастардың домбыраға деген қызығушылығы артып келеді. Мектептерде домбыра сабақтарының енгізілуі де – ұлттық құндылықты сақтап, кейінгі ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған маңызды қадам. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда домбыра өнеріне бет бұрған балалардың саны ай
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1254098?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау