2026 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Н.Г. Карипбаевтың төрағалығымен облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ шақырылған тұлғалар қатысты.
Отырыс барысында еңбек қатынастарының жай-күйіне, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қатысушылар «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасындағы ахуалды, кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мәселелерін, құрылыс объектілерінде еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде жүк көтергіш механизмдерді пайдалану мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар облыс кәсіпорындарында жалақының уақтылы төленуі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақытылы аударылуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аталған мәселелердің мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарының тұрақты бақылауында екені атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге және мүдделі тараптарға нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-social/press/news/details/1253266?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау