Ведомствоаралық кеңес қылмыстың алдын алу мәселелері және жол-көлік қылмсытары бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есіл ауданының прокуратурасында аудан прокуроры Нұржан Ережеповтің төрағалығымен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті қызметтердің өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңес барысында қылмыстың жай-күйі мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың өзекті мәселелері қаралды. Қоғамдық орындарда, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Жеке блокта мототехникаға қатысты жол-көлік қылмыстранынң алдын алу және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында қайта қылмыстың мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар есірткі қылмысы мен алаяқтыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірледі.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан аумағында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты міндеттер мен тапсырмалар айқындалды.

 Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1253358?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version